Жаңалықтар
Табиғи газды тұрмыста пайдалану өте оңай болғанымен қауіпсіздік талаптарын аса мән берілмесе, соңы қайғылы жағдайға әкелетіні белгілі. Жылдың қай мезгілінде де өз тұтынушыларын көгілдір отынмен қамтамасыз ететін «Жылыойгаз» ЖШС табиғи газды пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын талап етеді. Өйткені ережені естен шығару – адам өміріне өте қауіпті.
Осы жаз мезгілінде еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбауының кесірінен әртүрлі оқыс оқиғалардың орын алуда. Сондай апаттың бірі Құлсары қаласы 3 мөлтек ауданында 18 үйде орын алды. Алдымыздағы аптаның 27-ші жұлдызында сағат 19:30 шамасында жедел жардем бөлімшесіне газдан уланған азаматшаның ес түссіз жатқаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына барған жедел жәрдем өкілдері шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіп бірден уланған азаматшаны ауруханаға алып кетеді. Жедел жәрдем өкілдері арнайы органдарға бірден хабарлап тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Оқиға орнына барған «Жылыойгаз» ЖШС мамандары бірден тексеріс жұмыстарын жүргізіп. Пәтер иесі үйінде 1,5 жасар қызы болады, бала ойнап жүріп газ плитанын құлағын ашып қойған, оны анасы байқамаған болып шығады. Сол кезде көрші тұратын нағашы әжесі 1,5 жасар немересін сыртқа ойнатуға алып кетеді, сол кезде үйде қалған пәтер иесі есікті кілтеп алып ұйықтап кетеді. Қайта оралған немересі мен әжесі есікті қағады, алайда есікті ешкім ашпайды. Көрші тұратын інісі бірден әпкесін құтқаруға ұмтылып, қылтима (балкон) арқылы үй ішіне еніп есікті ашып жедел жардем шақырады. Қазіргі таңда зардап шеккен азаматшаның жағдайы бір қалыпты.
Осындай улану секілді, оқыс апаттан сақтану үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына сәйкес және ҚР.ҚН 4.03.101-2011 заң талаптарына сәйкес газды қауіпсіз пайдаланудың төмендегідей негізгі талаптары бар.
1. Тұтынушы өзінің газ құбырлары мен қондырғыларына жылына кем дегенде бір рет арнайы рұқсаты бар мекемеге техникалық қызмет жасатуы тиіс. Сондай жұмыстарға газ құбырларын жағалап тексерту, апаттық краннан бастап барлық газ қондырғыларындағы крандардың арнайы жақпа маймен майлату, мұржаның қапталуын, түтін тартуын тексерту, желдеткіш көздерінің жұмыс жасауын тексеру, газ қондырғыларын, жылу қазанының қауіпсіздік автоматикасын, газ плиталарын тексерту және техникалық қамту жұмысы кезінде анықталып, қалпына келтіруге берілген ескертулерді мерзімінде орындау жатады.
2. Газ құбырларында газдың жылыстауы мүлде болмауы керек, ондай жағдай орын алғанда дереу газды краннан жауып, серіктестіктің тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық диспетчеріне 104 телефоны арқылы хабарлау, есік-терзелерді ашып бөлмені желдету, ашық от көздерін, ток көздерін пайдаланбау.
3. Газ қондырғылары зауыттық үлгіде, қауіпсіздік автоматикасы жұмыс жасап тұруы міндетті.
4. Жылу қазанының мұржасының қимасы оның қуатына сай болуы керек, яғни жылу қазанының мұржа шығатын орыны мен негізгі мұржаның қимасы бірдей болуы керек немесе үлкен болуы керек. Мұржа сыртынан жылу сақтайтын материалмен толық қапталуы керек. Мұржаның биіктігі талапқа сай болуы тиіс.
5. Желдеткіш көздерін бітеп тастауға болмайды. Олар әрдайым жұмыс істеп тұруы, яғни ашық болуы керек.
6. Газ қондырғылары орналасқан бөлме көлемі нормаға сай, яғни бөлме көлемі кем дегенде 7,5 текшеметр болуы керек. Себебі бөлме тар болғанда газдың толық жануына ауа жетпейді. Сол себептен газ түтіндеп жанып күйе көп мөлшерде бөлінеді.
7. Газ таратушы мекеме рұқсатынсыз газ жүйесін жүргізу, қосу болмаса өзгеріс енгізуге қатаң тыйым салынады.
8. Жылу қазаны мен оның мұржасы жылына кем дегенде бір рет тексеріліп тазалануы керек.
9. Газ қондырғыларын өз әрекетіне жауап бере алмайтын адамдардың немесе кішкентай балалардың пайдалануына жол бермеу.
«Жылыойгаз» ЖШС мекемесі әр тұтынушының газды қауіпсіз пайдалануын сұрайды. Тұрмыстық жағдайда қандайда жағдай болмасын міндетті түрде арнайы мамандардың көмегімен газ қондырғылардың жұмыс істеуіне көз жеткізген соң қолдану керек екендігін ескертеміз және берілген ескертулерді толық орындаған жөн. Адам өмірін жеңілдетуге арналған көгілдір отын, бірден дұшпанға айналатынын естен шығармайық!
«Жылыойгаз» ЖШС газ техникалық инспекторы – Адаев А
Тел: 8 71237 79050/127
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Жылойгаз» ЖШС-нің 2021 жылғы бекітілген инвестициялық бағдарламасы мен тарифтік сметасы бойынша атқарған жұмыстарымен таныстыру мақсатында баспасөз турын өткізді.
Медиа-тур Құлсары қаласындағы «Жылыойгаз» серіктестігінің әкімшілік кеңсесінде өтті.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Ә.А.Төлеп, Ұйымдастыру бөлімінің мамандары Қ.Қабленова, Г.Исаева , Жылыой аудандық маслихат хатшысы С.С.Таласов, «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жақашев және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жақашев мәжілісті ашып, жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Ә.А.Төлеп өткізіліп жатқан баспасөз турының мақсатын түсіндіріп, қысқаша таныстырды.
Бұдан соң «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жакашев өткен 2021 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
- «Жылыойгаз» ЖШС ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті директорының 19 наурыз 2009 жылғы №65-ЖҚ бұйрығына сәйкес тауарлық газды тұтынушыларға таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізімінің жергілікті бөліміне енгізілген болатын және осы саладағы қызметін 2009 жылдың 1 мамырынан бастады. Серіктестік Жылыой ауданы тұтынушыларын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме, яғни «Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кенішінен игеретін табиғи газды сатып алып, таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдап, тұтынушылардың газ қондырғыларына дейін жеткізіп береді. Департаменттің 07.09.2020 жылғы №70-НҚ бұйрығымен 2021-2025 жылдарға арналған, жалпы құны – 454 987,78 мың теңгені құрайтын инвестициялық бағдарлама бекітіліп, ол – Атырау облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісілді. Инвестициялық жұмыстарға тоқталып өтсек: №4-автоматты газ тарату бекетіне газ жылыту торабын ауыстыру бойынша; Газ жылыту торабы сатып алу және осы сатып алынған құрылғыны орнату және желілерін қосу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары. Атап айтсақ, Қосшағыл елді-мекенінде орналасқан №4АГТБ ауыстырып, іске қосылып, қолданысқа берілді. №2-автоматты газ тарату бекетінен КУ №8 К дейін d500 мм орташа қысымды газ құбырына ауыстыру мақсатында d500 мм болатын ұзындығы 500 метр болатын ПЭ құбырын сатып алынды. Серіктестік тарапынан 2021 жылға бекітілген Инвестициялық бағдарламаны толықтай орындалды, - деді Ғалым Мусиұлы.
Жиналыста Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы С.Таласов сөз алды:
- Мен осындай баспасөз-тур ұйымдастырып отырған Департаментке және «Жылыойгаз» ЖШС басшысына алғысымды білдіремін. Орындалған инвестициялық бағдарламаға да көңілім толды. Жыл сайын негізгі қорларыңыз жаңарып, қызмет сапасы жоғарылауда. Әйтсе де, мынадай ұсыныс айтқым келіп отыр: Жылыой ауданы халқының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, коммуналдық төлемдердің өсуіне түбегейлі қарсымыз. Нарық талабына сай «Теңізшевройл» ЖШС жыл сайын газдың сату бағасын көтеру саясатын ұстанады. «Жылыойгаз» ЖШС аудандық мәслихатқа осы мәселеге араласып, қандайда болса шешімін алуға ұсыныс бердіңіздер. Сіздің ұсынысыңыз әлі де қаралу үстінде, бірақ тағы да Департамент тарапынан шаралар алу керек сияқты, - деді аудандық мәслихат хатшысы.
Бұған «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғ.М.Жақашев:
- Ұсынысыңыз орынды. Бұл мәселені шешуге Департамент басшысы, облыс әкімі араласатын болса, біз қарсы емеспіз. Жақын арада ұсынысымызды дайындап жолдаймыз,-деп жауап берді. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысы Ә.А.Төлеп баспасөз мәслихатын түйіндеп сөз сөйледі. «Жылыойгаз» ЖШС бүгінгі медиа-турға жергілікті атқару билігін және халық депутаттарын қатыстырып отырмыз . Себебі 2021 жылға бекітілген инвестициялық қаражат табиғи газды тасымалдау тарифінің құрылымында болғасын, не үшін, қай бағытта жұмсалғандығын зерделеп қадағаласын дегенбіз. Бұл үрдіс табиғи монополия субъектілерінің ашықтығын көрсетеді, - деді Департамент басшысы.
Бұдан соң ол бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысқан азаматтарға алғысын айтты.
«Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғалым Жақашев та медиа-турға қатысушыларға алғысын білдіріп, өндірістік нысандарды аралауды ұсынды. Бұдан соң келген топ өндірістік нысандарды барып көрді.
С.Бақтығали
Жылыой ауданы тұтынушыларына газды жеткізу бағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің Шекті бағаға келісім беруге өзгерістер мен толықтырулар енгізу хабарламасы туралы 27.08.2022 жылғы №6-03/1071 шығыс хаты бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап табиғи газды жеткізу бағасы әр 1000 текше метрге ҚҚС-н қоспағанда төмендегідей болып бекітілді:
∙ Тұрмыстық тұтынушылар (халық) – 6 857,70 теңге;
∙ Жылыой ауданының мемлекеттік әлеуметтік көмекті және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушыларға – 5 486,16 теңге;
∙ Жылыой ауданының коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларына – 9 960,51 теңге;
∙ Өнеркәсіптік тұтынушыларына – 22 986,19 теңге;
∙ Майкөмген селосы бойынша тұрмыстық тұтынушылар – 9 069,70 теңге;
∙ Майкөмген селосы бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмекті және/немесе тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар – 7 255,76 теңге;
∙ Майкөмген селосы бойынша коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін – 12 763,38 теңге.
Қоғамдық тыңдау.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.08.2019 жылғы № 73 бұйрығының 287) және 288) тармақтарына сәйкес «Жылыойгаз» ЖШС 2022 жылдың 1 жарты жылдық қорытынды есебін беру бойынша қоғамдық тыңдауды 27.07.2022 жылы сағат 15:00-де, Серіктестіктің әкімшілік кеңсесінде өткізетіндігін хабарлайды.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8(71237) 7-90-50, ішкі 150.
Қазіргі таңда елімізде автокөлік жүргізушілерінің салғыртығынан жол көлік оқиғалары жиі болуда. Бұған басты себеп жылдамдықты асыру және жүргізушілердің жауапсыздық танытуынан болып отыр. Осындай апаттың арты кей жағдайда, жол үстінде қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп жатады. Адамдардың көлік құралына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, пайдалану барысында қоғам өміріне, қоршаған ортаға, жеке мүлікке және газ желісіне қауіп төндіретін жағдайлар көбейгендігін байқауға болады.
Жылыой ауданы бойынша тұрғындар көлік құралдарына тізгендеу барысында, «Жылыойгаз» ЖШС мекемесіне тиесілі қолданыстағы газ желісіне зақым келтіретін фактілер жыл басынан бері жиі орын алуда. Осындай апаттар жеке тұтынушыларға зиян келтіретінін жүргізушілер түсінуі керек. Бұндай көлік құралдарын басқара алмай, апаттық жағдайдың салдары тұтас ықшам ауданның газды үздіксіз тұрақты пайдалануына кедергі келтіріп жатады. Кейбір тұрғындар болған апаттың орынан із суытып кететіндері қанша ма? Алайда, апаттың соңғы салдары құзырлы органдардың қылмыстық-іс қозғауымен аяқталатынын ескерген жөн.
Жылыой ауданында осындай автокөлік құралына байланысты 2021 жылдың басынан бері он алты оқиға тіркелді. Оның басым бөлігі газ желісін қағып, зақым келтіру секілді жайттар. Жүргізушілердің жүгенсіздігінің кесірінен, оқиға орнынан қашып, кейінен куәгерлердің және бейнебақылау арқылы құзырлы органдардың араласуымен қанша көлік жүргізушілері айыппұл төлеп, шығынға ұшырағандары жетерлік. Мысалғы тамыз айының соңғы күндері яғни 26-күні Қосшағыл елді-мекенінде көше аралық дм50 газ желісін, шөп тиіелген КАМАЗ автокөлігі қағып кеткен. Ал, тамыздың 30-күні Құлсары қаласы, Барлаушы ықшам ауданындағы дм50 газ желісін КАМАЗ автокөлігі үзіп, көшеде орналасқан компенсатордың тіруіштерің майыстырып зақым келтірген. Автокөлік жүргізушілері өздеріне тым сенімді тәжірбиелі жүргізушілер қауіпті тәуекелге саналы түрде барып, өздеріне ғана емес, өзгелердің өміріне де үлкен қатер төндіреді. Айтылып отырған оқиғалар бірігейлері ғана. Ал сіздер біле бермейтін болып жатырған апаттар айтарлықтай жетерлік. Алайда, басты мәселе темір тұлпарды тізгіндегендердің салғырттық пен абайсыздық танытуынан болған оқиға үлкен апатқа әкеліп соқтырып, аудан тұрғындарына газды пайдалануға кедергі келтіріп отыр. Сондықтан көлік жүргізушілері түсінуі қажет, қандай да жағдай болмасын оқиға орнынан қашпай, құзырлы органдарға хабар беріп, «Жылыойгаз» ЖШС мекемесінің апаттық диспетчерлік бөлімшесі 104-ке хабардар етулеріңіз сұралады. Жауапкершілік әр адамның бойында болуы керек деп білеміз. Бізде заң бар. Ал заң баршаға ортақ. Ошағымызда от сөнбесін!
Орындаған: Туменбаев М
Тел: 8 71237 79050/127/87782525298
- 1
- 2