Автокөлік жүргізушілері газ желісіне зақым келтіруде


              Қазіргі таңда елімізде автокөлік жүргізушілерінің салғыртығынан жол көлік оқиғалары жиі болуда. Бұған басты себеп жылдамдықты асыру және жүргізушілердің жауапсыздық танытуынан болып отыр. Осындай апаттың арты кей жағдайда, жол үстінде қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп жатады. Адамдардың көлік құралына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, пайдалану барысында қоғам өміріне, қоршаған ортаға, жеке мүлікке және газ желісіне қауіп төндіретін жағдайлар көбейгендігін байқауға болады.
    Жылыой ауданы бойынша  тұрғындар көлік құралдарына тізгендеу барысында, «Жылыойгаз» ЖШС мекемесіне тиесілі қолданыстағы газ желісіне зақым келтіретін фактілер жыл басынан бері жиі орын алуда. Осындай апаттар жеке тұтынушыларға зиян келтіретінін жүргізушілер түсінуі керек. Бұндай көлік құралдарын басқара алмай, апаттық жағдайдың салдары тұтас ықшам ауданның газды үздіксіз тұрақты пайдалануына кедергі келтіріп жатады. Кейбір тұрғындар болған апаттың орынан із суытып кететіндері қанша ма? Алайда, апаттың соңғы салдары құзырлы органдардың қылмыстық-іс қозғауымен аяқталатынын ескерген жөн.
    Жылыой ауданында осындай автокөлік құралына байланысты 2021 жылдың басынан бері он алты оқиға тіркелді. Оның басым бөлігі газ желісін қағып, зақым келтіру секілді жайттар. Жүргізушілердің жүгенсіздігінің кесірінен, оқиға орнынан қашып, кейінен куәгерлердің және бейнебақылау арқылы құзырлы органдардың араласуымен қанша көлік жүргізушілері айыппұл төлеп, шығынға ұшырағандары жетерлік. Мысалғы тамыз айының соңғы күндері яғни 26-күні Қосшағыл елді-мекенінде көше аралық дм50 газ желісін, шөп тиіелген КАМАЗ автокөлігі қағып кеткен. Ал, тамыздың 30-күні Құлсары қаласы, Барлаушы ықшам ауданындағы дм50 газ желісін КАМАЗ автокөлігі үзіп, көшеде орналасқан компенсатордың тіруіштерің майыстырып зақым келтірген. Автокөлік жүргізушілері өздеріне тым сенімді тәжірбиелі жүргізушілер қауіпті тәуекелге саналы түрде барып, өздеріне ғана емес, өзгелердің өміріне де үлкен қатер төндіреді. Айтылып отырған оқиғалар бірігейлері ғана. Ал сіздер біле бермейтін болып жатырған апаттар айтарлықтай жетерлік. Алайда, басты мәселе темір тұлпарды тізгіндегендердің салғырттық пен абайсыздық танытуынан болған оқиға үлкен апатқа әкеліп соқтырып, аудан тұрғындарына газды пайдалануға кедергі келтіріп отыр. Сондықтан көлік жүргізушілері түсінуі қажет, қандай да жағдай болмасын оқиға орнынан қашпай, құзырлы органдарға хабар беріп, «Жылыойгаз» ЖШС мекемесінің апаттық диспетчерлік бөлімшесі 104-ке хабардар етулеріңіз сұралады. Жауапкершілік әр адамның бойында болуы керек деп білеміз. Бізде заң бар. Ал заң баршаға ортақ. Ошағымызда от сөнбесін!


Орындаған: Туменбаев М
Тел: 8 71237 79050/127/87782525298