Жылу беру маусымына дайынбыз ба?

                
                   Жаздың соңғы күні аяқталып, күздің алғашқы күндері өтуде. Қара күздің суық мінезі мен қыстың ызғарлы аязы мазамызды алатыны анық. Ал, біз қарапайым тұрғындар жылу беру маусымына дайынбыз ба?  Сондықтанда жылу беру маусымы басталмас бұрын, аудан тұтынушыларына қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында тақырып қозғамақпыз. Жалпы аудан тұрғындары газ қауіпсіздік талаптарына аса мән бермейтінін өз көзімізбен көріп, бақылап келеміз. Осындай салғырттық танытқан тұтынушылармен «Жылыойгаз» ЖШС мамандары түсіндерме жұмыстарын жүргізіп және ауылдық елді- мекендерге барып, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын бақыласада, көгілдір отыннан зиян шеккен адамдар азаймай отыр. Әр тұтынушы қауіпсіздік талаптарына және газ қондырғыларының жай-күйіне өзі жауап беретінін білген жөн. Ал газды дұрыс пайдаланбаса, қауіпсіздік ережесін сақтамаса, бақытсыздыққа душар етуі әбден мүмкін.
    Ауданымызда жыл басынан газға байланысты он үш жайт тіркелді. Оның алдынғы қатарында бұл газдан улану жағдайы болса, тағы бір жағдай тұтынушылардың салғырттық танытуынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр. Ал, тұтынушылар әлі күнге дейін өз денсаулығына қатер төнседе заңға қайшы әрекеттері басылмай отыр. Жылыой ауданында жиі кездесетін жағдайдың бірі, өз бетімен әрекет жасап газ қондырғылардың орнын ауыстыру және газ желілерін қозғау сынды әрекеттер жиі орын алып отыр. Кездейсоқ қауіп-қатерден аулақ болу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Ал, тұтынушылар заң талаптарына мойын сұнбай, газды қауіпсіз пайдалануда салғырттық танытса, нәтежиесінде өрт шығып, улы газға улану қауіпі арта түспек. Сондықтан «Жылыойгаз» ЖШС мекемесі аудан тұрғындарының өмірін сақтау үшін бұқаралық ақпарат көздері арқылы, улы газға улану секілді оқыс апатқа тап болсақ қандай шара қолданамыз және қауіпсіздік талаптары заңға сәйкес қандай?-деген сұраққа жауап беретін боламыз.
Техникалық ақау, салғырттық, өртке қарсы шаралардың қолданылмауы салдарынан тұрмыстық газ бен тұншықтырғыш газдан улану жағдайы көбірек тіркеледі. Өрттің салдарынан түзілетіндіктен, бұл газбен улану жабық ғимараттың өртенуі кезінде болады. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге таралуына әкеліп соғады. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улану қауіпі күшейе түседі. Ал, дәл осындай оқыс апатқа тап болып, өмірімізге қауіп төнген жағдайда, алғашқы көмекті қалай көрсетеміз?
Алғашқы көмек:
1. Улы газдың келуін тоқтатыңыз;
2. Жапа шегушіні таза ауаға шығарып, жатқызыңыз;
3. Киімінің түймесін ағытып, белдігін шешіңіз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз ( газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондитционер қосыңыз);
4. Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз және жедел жәрдем келгенше немесе есін жинағанша жасанды демалдырыңыз;
5. Нашатыр спиртін иіскетіңіз не самай тұсына жағыңыз;
6. Аяғының астына жылытқыш қойыңыз;
7. Зардап шеккен адам есін жиып отырса, оны лоқсыту керек, содан кейін ыстық шай, кофе немесе қышқыл сусын (1литр суға 1 ас қасық ас содасы қосылған) ішкізіңіз;
Бұл әрекеттер уланушының есін жинауына және ағзадағы көмірқышқыл газын шығару үшін зат алмасуды жақсартуға бағытталған. Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, уланып қалмауыңызды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және орамалмен мұрынды байлап алу керек екендігін ұмытпаңыз.
Осындай улану секілді, оқыс апаттан сақтану үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына сәйкес және ҚР.ҚН 4.03.101-2011 заң талаптарына сәйкес газды қауіпсіз пайдаланудың төмендегідей негізгі талаптары бар.
1.    Тұтынушы өзінің газ құбырлары мен қондырғыларына жылына кем дегенде бір рет арнайы рұқсаты бар мекемеге техникалық қызмет жасатуы тиіс. Сондай жұмыстарға газ құбырларын жағалап тексерту, апаттық краннан бастап барлық газ қондырғыларындағы крандардың арнайы жақпа маймен майлату, мұржаның қапталуын, түтін тартуын тексерту, желдеткіш көздерінің жұмыс жасауын тексеру, газ қондырғыларын, жылу қазанының қауіпсіздік автоматикасын, газ плиталарын тексерту және техникалық қамту жұмысы кезінде анықталып, қалпына келтіруге берілген ескертулерді мерзімінде орындау жатады.

2.    Газ құбырларында газдың жылыстауы мүлде болмауы керек, ондай жағдай орын алғанда   дереу газды краннан жауып, серіктестіктің тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық диспетчеріне 104 телефоны арқылы хабарлау, есік-терзелерді ашып бөлмені желдету, ашық от көздерін, ток көздерін пайдаланбау.

3.    Газ қондырғылары зауыттық үлгіде, қауіпсіздік автоматикасы жұмыс жасап тұруы міндетті.

4.    Жылу қазанының мұржасының қимасы оның қуатына сай болуы керек, яғни жылу қазанының мұржа шығатын орыны мен негізгі мұржаның қимасы бірдей болуы керек немесе үлкен болуы керек. Мұржа сыртынан жылу сақтайтын материалмен толық қапталуы керек. Мұржаның биіктігі талапқа сай болуы тиіс.

5.    Желдеткіш көздерін бітеп тастауға болмайды. Олар әрдайым жұмыс істеп тұруы, яғни ашық болуы керек.

6.    Газ қондырғылары орналасқан бөлме көлемі нормаға сай, яғни бөлме көлемі кем дегенде 7,5 текшеметр болуы керек. Себебі бөлме тар болғанда газдың толық жануына ауа жетпейді. Сол себептен газ түтіндеп жанып күйе көп мөлшерде бөлінеді.

7.    Газ таратушы мекеме рұқсатынсыз газ жүйесін жүргізу, қосу болмаса  өзгеріс енгізуге қатаң тыйым салынады.

8.    Жылу қазаны мен оның мұржасы жылына кем дегенде бір рет тексеріліп тазалануы керек.

9.    Газ қондырғыларын өз әрекетіне жауап бере алмайтын адамдардың немесе кішкентай балалардың пайдалануына жол бермеу.

«Жылыойгаз» ЖШС мекемесі әр тұтынушының газды қауіпсіз пайдалануын сұрайды. Тұрмыстық жағдайда қандайда жағдай болмасын міндетті түрде арнайы мамандардың көмегімен газ қондырғылардың жұмыс істеуіне көз жеткізген соң қолдану керек екендігін ескертеміз және берілген ескертулерді толық орындаған жөн. Адам өмірін жеңілдетуге арналған көгілдір отын, бірден дұшпанға айналатынын естен шығармайық!


Орындаған: Туменбаев М
Тел: 8 71237 79050/127/87782525298